Іс-шара барысында қатысушылар шығармашылық қабілеттерін танытып, түрлі түсті батпырауықтарын көкке самғатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жарыстың мақсаты – балалардың шығармашылық және эстетикалық талғамын дамыту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, танымдық іс-шараларға қызығушылығын арттыру, табиғатпен үйлесімділік пен еркін ойлауды қалыптастыру.
Жарыс достық қарым-қатынасты нығайтып, белсенді өмір салтын насихаттауға ықпал етті.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Көкке самғаған арман мен жарқын болашақ әрдайым серік болсын!