2 сәуір – Халықаралық балалар кітап күніне орай өткен
«Кітаппен өскен бала – ел ертеңі» атты аудандық байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың білім мен шығармашылыққа деген құштарлығын айқын көрсетті.
Білім бөліміне қарасты мектептердің 5- 6 сынып оқушылары арасынан 10 команда бақ сынап, білім мен зеректік, тапқырлық пен шығармашылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
«Таныстыру» кезеңінде әр топ өздері таңдаған кітап негізінде топ атауын ұсынып, шығарма авторы мен мазмұнына қысқаша шолу жасады.
«Кітап ашсаң – әлем ашылады» бөлімінде қатысушылар берілген шығармаларды талдап, олардың негізгі идеясын терең аша білді.
«Менің сүйікті кейіпкерім – менің үлгі тұтар тұлғам» кезеңінде оқушылар кейіпкерлер бейнесіне еніп, көркемдік шеберліктерін танытты.
Ал Ганс Христиан Андерсен ертегілері бойынша өткен эстафеталық ойында жылдамдық пен тапқырлық сыналды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – «Қаратөбе» ЖББМ-нің «Дала рухы» тобы
ІІ орын – Қ.Тыныбеков атындағы ЖББМ-нің «Тұлпар» тобы
ІІІ орын – №10 ЖББМ-нің «Қажымұқан» тобы, №4 Қ.Сәтбаев атындағы ЖББМ-нің «Кітап құмарлар» тобы жүлделі орын иеленіп, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Қалған топтар түрлі номинациялармен марапатталып, белсенділіктері үшін алғысқа ие болды.
Кітап оқыған бала – ойлы, білімді, елінің ертеңіне сеніммен қадам басатын тұлға. Бүгінгі жас оқырман – ертеңгі ел тірегі.
Бұл байқау – кітаптың құдіретін дәріптеп, жас ұрпақтың рухани дамуына серпін берген тағылымды шара болды.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!