ХАБАРЛАНДЫРУ!
Облыстық білім басқармасының 03.04.2026 жылғы №25/2256 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 26.12.2014 жылғы №544 бұйрығы негізінде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына конкурс жарияланғанын хабарлаймыз.
Аталған конкурс орта білім беру ұйымдарының үздік тәжірибесін анықтауға және қолдауға бағытталған.
Осыған орай, конкурстық құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес ағымдағы жылдың 4 сәуіріне дейін аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне тапсыру қажет.
Құрметті білім беру ұйымдарының басшылары, құжаттарды уақытылы әрі толық өткізулеріңізді сұраймыз.
Қосымша ақпарат алу үшін аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне хабарласуға болады.