Құрметті аудан тұрғындары, ардақты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді Наурыз мейрамы – жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – ата-бабамыздан мирас болған асыл дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ерекше күн. Көктемнің шуақты шуағымен бірге әр шаңыраққа шаттық, ырыс-береке, татулық пен молшылық әкелсін! Білім саласында еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға қажырлы еңбектері үшін алғысымды білдіремін. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында өскелең ұрпақ сапалы білім мен саналы тәрбие алып келеді. Оқушыларымызға биік мақсат, жарқын болашақ тілеймін!
Әр отбасыға амандық, зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Ұлыстың ұлы күні әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін!
Құрметпен,
Білім бөлімінің басшысы
Шұға Тұрмаханбетқызы