Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«БҮГІНГІ ТҮЛЕК – ЕРТЕҢГІ ТІРЕК»

Бүгін ауданымызда мектеп бітіруші түлектердің аудан әкімімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жастарға бағыт-бағдар беру, олардың үлкен өмірге сеніммен қадам басуына қолдау көрсету.

Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы өз өмір жолы мен еңбек тәжірибесі туралы айтып, жетістікке жету жолындағы маңызды қадамдар мен кездескен қиындықтар жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, түлектерге ақыл-кеңесін беріп, болашаққа сеніммен қарауға шақырды.

Жас түлектер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық форматта еркін пікір алмасты. Кеш барысында арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып, мазмұнды әңгімелер мен әсерлі сәттер шараның маңызын арттыра түсті.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың өмірлік мақсаттарын айқындап, болашаққа деген сенімін нығайтуға зор ықпал етеді.

Бүгінгі түлек – елдің ертеңгі тірегі!

Барша түлектерге сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз!