БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығына сәйкес, конкурстық негізде тестілеу мен әңгімелесуден сәтті өткен үміткерлер Төлеби ауданы білім бөлімінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына тағайындалды.
Есеналиев Берік Нұрланұлы – «Төлепбек Назарбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Умиралиев Бахытжан Нургалиұлы – «Қазақстан» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Жаңа тағайындалған басшыларды білім беру ұйымдарының ұжымдарына Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы арнайы таныстырып, олардың алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, білім беру сапасын арттыру жолындағы жауапты міндеттеріне табыс тіледі.
Жаңа басшыларға кәсіби жетістіктер, ұжыммен бірлесе нәтижелі жұмыс және білім саласының дамуына қосар үлестері мол болсын деп тілейміз!
Төлеби ауданының білім бөлімі