Әдістемелік кеңес өтті
2026 жылдың 07 сәуір күні оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен әдістемелік кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ІІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлерінің көрсеткіштері, сондай-ақ бітіруші түлектердің ҰБТ нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар мемлекеттік емтиханға дайындық, үйде оқитын оқушыларға құжаттарды рәсімдеу, жаңа нормативтік өзгерістермен таныстыру, түлектерге кәсіби бағдар беру және көрсетілген әдістемелік көмектің қорытындылары қарастырылды.
Педагогтерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының орындалуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік қолдау көрсетілді.
Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.