Құрметті әріптестер, ардақты азаматтар, қадірлі Отан қорғаушылар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп, мемлекетіміздің айбыны мен абыройын асқақтатып жүрген ержүрек азаматтарға көрсетілетін ерекше құрмет күні. Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы, мәртебелі міндеті.
Еліміздің бейбіт өмірі мен жарқын болашағы жолында аянбай қызмет етіп жүрген барша әскери қызметкерлерге, ардагерлерге және ел қорғаны болар азаматтарға зор алғысымды білдіремін. Сіздердің ерлік пен елдікке толы еңбектеріңіз жас ұрпаққа үлгі-өнеге.
Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу – білім саласының да басты міндеттерінің бірі. Елін сүйетін, жерін қорғайтын саналы да білімді азамат тәрбиелеу жолындағы еңбегіміз әрдайым жемісті болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Ізгі тілекпен,
Білім бөлімінің басшысы
Шұға Тұрмаханбетқызы
