Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы Білім басқармасы бекіткен «АДАЛ АТА-АНА — ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» өңірлік тұжырымдамасын таныстыру мақсатында мектеп директорларының қатысуымен арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс онлайн форматта, Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Аталған құжат Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарына арналған кешенді жоба болып табылады және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әзірленген.
Тұжырымдаманың басты мақсаты – ата-аналардың бала өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, кибербуллингтің және өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған бірыңғай ведомствоаралық жүйені қалыптастыру.
Жиын барысында төмендегі бағыттар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары;
- интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлердің алдын алу;
- құқықтық сауаттылықты арттыру;
- ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту;
- бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік қағидаттары.
Сонымен қатар, ата-аналардың балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруы, олардың психологиялық жағдайына мән беруі және сенімді қарым-қатынас орнатуының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Бала қауіпсіздігі – ортақ міндет. Отбасы, мектеп және қоғам өзара тығыз байланыста жұмыс істеген жағдайда ғана қауіпсіз әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу мүмкін болады.