Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 2026 жылдың 13–15 мамыр күндері аралығында «Адал ата-ана — Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылуда.
Жиналыстың негізгі мақсаты — оқу жылының аяқталуына орай балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелер:
- Оқу жылының аяқталуына байланысты білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау;
- Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу барысында артық шығындарға, банкет ұйымдастыруға, қымбат автокөліктер жалдауға және басқа да орынсыз әрекеттерге жол бермеу;
- Балалардың түнгі уақытта бақылаусыз жүрмеуін қадағалау;
- Судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- Жол қозғалысы ережелерін орындау;
- Интернет қауіпсіздігі мен кибербуллингтің алдын алу мәселелері.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, «Адал ата-ана — Қауіпсіз балалық шақ» бірыңғай ата-аналар жиналысының қорытынды кездесуі 2026 жылдың 18 мамыр күні №7 IT мектеп-лицейі базасында өткізіледі деп жоспарлануда.