Құрметті ата-аналар!
Мектеп балаға білім береді.
Қоғам оған орта ұсынады.
Мемлекет мүмкіндік жасайды.
Бірақ мінездің алғашқы іргетасы, жауапкершіліктің алғашқы дәні, мейірімнің алғашқы үлгісі — отбасында қаланады.
Адал азамат адал ата-анадан басталады.
Қауіпсіз қоғам қауіпсіз отбасынан басталады.
Саналы ұрпақ саналы әңгімеден басталады.
Біз балаларымызға зәулім ғимараттан да, қымбат сыйлықтан да бұрын қауіпсіз балалық шақ сыйлай алсақ — сол ең үлкен жетістік.
Баланың амандығы — ата-ананың бақыты.
Баланың күлкісі — елдің тыныштығы.
Баланың қорғалғаны — мемлекеттің мықтылығы.
Ендеше, адал ата-ана болайық, сақ ата-ана болайық, баланың жанын түсінетін, өмірін қорғайтын жауапты қоғам болайық.
Балаларымыздың балалық шағы — қауіпсіз,жүрегі — жарық, болашағы — баянды болсын!
Ғалымжан Орынов -Түркістан облысы білім басқармасының басшысы!