Аудандық тәжірибе алмасу семинары: «Адал азамат – кәсіби маман қалыптастырудағы тәрбие мен білімнің рөлі»
2026 жылдың 21 сәуір күні аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес "Алина бөбекжай-балабақшасы" МКҚК базасында «Адал азамат – кәсіби маман қалыптастырудағы тәрбие мен білімнің рөлі» тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы бүлдіршіндердің бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық сынды маңызды құндылықтарды қалыптастыру.
Семинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие мен білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады. Қатысушылар кәсіби шеберліктерін арттырып, өзара тәжірибе алмасты.
Мұндай іс-шаралар білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ жас ұрпақты жан-жақты дамыған, адал әрі жауапты азамат етіп тәрбиелеуге үлкен үлес қосады