Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ АУДАНДЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ
2026 жылғы 4 мамыр күні «Тәуелсіздік» саябағында Төлеби ауданының білім бөлімі мен аудандық ішкі саясат бөлімі бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының аудандық слетін ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар саябақ аумағында ұйымдастырылған тақырыптық көрмелермен танысты. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы сөз сөйлеп, клуб жұмысының маңыздылығын атап өтіп, жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзектілігіне тоқталды.
Слет аясында мектеп оқушыларын «Адал ұрпақ» ерікті клубының қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Қонақтар — прокуратура өкілдері, білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы, аудандық әжелер, аналар және әкелер кеңесінің мүшелері — жаңадан қабылданған оқушыларға арнайы галстук пен төсбелгілер тағып, ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының командалары өз таныстырылымдарын, ұрандарын, саптық пәрмендері мен саптық жүрістерін жоғары деңгейде көрсетіп, көпшіліктің зор ықыласына ие болды.
Бұл іс-шара жас ұрпақ бойында адалдық, парасаттылық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға өз үлесін қосты.