Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлері Наурызнама онкүндігі аясында 15
наурыз – Қайырымдылық күніне орай “Жақсылық жолында” атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі бастама тәрбие әдіскері Исманова Розия Эрмековнаның жетекшілігімен жүзеге асып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 7 отбасыға азық-түлік көмегі көрсетілді.
Бұл шара – мейірімділік, жанашырлық және бауырмалдық құндылықтарын дәріптеп, қоғамда өзара көмек мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі іс.
Осындай сауапты шаралар жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін сіңіруге үлкен үлес қосады.