AI ХАКАТОН 2026 | ТҮРКІСТАН
Жасанды интеллект арқылы қаржылық қауіпсіздікке үлес қосуға дайынсың ба?
«ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕ» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңді AI Хакатон өтеді!
Өтетін орны: Түркістан қаласы, Congress Hall
Күні: 25–26 ақпан 2026 жыл
Форматы: офлайн
Ұйымдастырушылар:
– Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
– Түркістан облысының әкімдігі
– Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қатысушылар:
Оңтүстік өңірдің Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғары оқу орындарының білім алушылары.
Команда құрамы: 2–5 адам
1 жетекшіге (мұғалім/оқытушы/тәлімгер) рұқсат етіледі.
5 бағыт бойынша жобалар қабылданады:
AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау
Лудоманияға қарсы AI – ойын тәуелділігін ерте анықтау және алдын алу
Мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау – манипуляциялық техникалық ерекшеліктерді анықтау
Заңсыз интернет-ресурстарды AI-мониторингтеу – онлайн-казино, пирамидалар, алаяқтық сайттарды анықтау
Open AI Challenge: Қаржылық қауіпсіздік – алаяқтық, көлеңкелі схемалар, қаржылық тәуекелдерге қарсы еркін бағыт
Өтінімдер 23 ақпан 2026 жыл, 23:59-ға дейін қабылданады
– Өтінім мына https://ai-hackathon.ayu.edu.kz хакатонның ресми интернет-ресурсындағы тіркеу формасы арқылы беріледі
– Жоба материалдары (8 бетке дейінгі презентация, MVP сипаттамасы, демо-сілтеме және т.б.)
– Хакатонның ресми интернет-ресурсында хакатон туралы толық ақпарат қамтылған ережемен таныса аласыздар
Әр бағыт бойынша 3 командадан, барлығы 15 команда финалға өтеді.
I кезең – Іріктеу
II кезең – Финал
26 ақпан 2026 жыл
Түркістан қаласы, Congress Hall
Жүлде қоры — 10 000 000 ₸
Әр бағыт бойынша — 2 000 000 ₸: