Іс-шараға Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақбота Есенгелдіқызы және Төлеби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің басшысы Мәлік Азамат Сапарғалиұлы қатысып, демалушы балаларға ақжарма тілектері мен ізгі лебіздерін жеткізді.
Жазғы сауықтыру ауысымының негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, бос уақытын мазмұнды өткізуге жағдай жасау. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіз ортада демалып, жаңа достар тауып, пайдалы білім мен дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беру.