Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Алғыс айту күні құтты болсын!
Құрметті аудан мектептерінің басшылары, педагог қызметкерлер, оқушылар және ата-аналар!Көктемнің шуақты мерекесі – Алғыс айту күніне орай, Төлеби ауданының білім бөлімі ұжымының атынан баршаңызға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.Бұл күн – ізгілік пен ризашылықтың, сыйластық пен құрметтің мерекесі. Білім саласындағы әрбір жетістік – сіздердің күнделікті табанды еңбектеріңіздің нәтижесі.Біз бүгін:
– саналы ұрпақ тәрбиелеп жүрген ұстаздарға;
– тәрбие мен тәртіптің тірегіне айналған педагог қызметкерлерге;
– білімге ұмтылған талапты оқушыларға;
– мектеппен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келе жатқан ата-аналар қауымына алғыс айтамыз.Білім сапасы – бірліктің, жауапкершіліктің және өзара қолдаудың жемісі.
Түркістан облысының білім басқармасы басшысы Ғалымжан Орынов  мырзаның челленджін қабылдай отырып, аудан мектептерін, барлық педагог қызметкерлер мен оқушыларды #АлғысЭстафетасы және #БалаларКімгеАлғысАйтады бастамаларына белсенді қатысуға шақырамыз.
Алғыс айту – бұл мәдениет.
Алғыс айту – бұл адамгершілік.
Алғыс айту – бұл өркениетті қоғамның айнасы.
Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, тұрақтылық пен береке тілейміз