«AMANAT» партиясы алаңында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Бүгін «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау онлайн форматта ұйымдастырылып, Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Тікелей эфир барысында білім беру саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, мектептер желісі мен оқушы контингенті, үш ауысымды оқыту, білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары, ҰБТ көрсеткіштері, мектепке дейінгі тәрбие, кадр тапшылығы және инфрақұрылымдық жұмыстар талқыланды.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, нақты шаралар қабылданатыны айтылды.
Сілтеме: https://www.facebook.com/share/v/1G49Zu8Ud9/?mibextid=wwXIfr