Аудан көлемінде 10–11 сынып оқушылары арасында «А.Науаий оқуы»
Білім бөлімінің бұйрығына сәйкес 28 қаңтар күні аудандағы 5 өзбек тілінде білім беретін мектептердегі 10-11 сынып оқушылары арасында «А.Науаий оқуы» өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың өзбек әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ұлы ойшыл әрі ақын Алишер Науаийдің шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өлеңдері мен нақыл сөздерін мәнерлеп оқып, шығармаларынан сахналық қойылым қойып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ханарық жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Жахангир Гуляра облыстық кезеңге өтті.
«А.Науаий оқуы» жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырған тағылымды шара болды.
