Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Әділ қоғам – болашаққа қадам!
Төлеби ауданында жас дебатшылардың додасы өтті.
Төлеби ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы , «Болашақ мемлекеттік қызметші» жобасы аясында «Мемлекеттік-қызмет-мәртебелі міндет» кәсіптік бағдарлау апталығында «Әділ қоғам-болашаққа қадам» тақырыбымен аудандық дебат турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты:
▪️Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту;
▪️Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және кәсіби бағдар беру;
▪️Қоғамдық мәселелерді талқылау арқылы «Адал азамат» құндылықтарын насихаттау.
Турнир «Карл Поппер» форматы бойынша өтті, аудан мектептерінен 9 команда қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, құқықтық сауаттылық, қоғамдағы маңызды мәселелер жөнінде мазмұнды пікір алмасты. Сөз сайысында оқушылар өткір ойларымен, терең білімдерімен және шешендік өнерлерімен ерекшеленді.
Дебат нәтижесі бойынша үздік шыққан командалар:
1 орын «Space» командасы,
2 орынды «Ақиқат көздеген жастар» және «Досstar» командасы
3 орынды «Месопатомия», «Реалистер», «SHYN» командалары жүлделі орындарды иеленді және мадақтамалармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз!
Болашақ көшбасшылардың қадамы сәтті болсын! Әділ қоғамды бірге құрамыз!