Кеңеске білім беру ұйымдары директорларының оқу орынбасарлары, жауапты мамандар және бөлім әдіскерлері қатысты.
Кеңес барысында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы «Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы» ережесі қарастырылды. Аталған ереже аясында авторлық материалдарды әзірлеудің негізгі талаптары, оларды сараптаудан өткізу кезеңдері, сондай-ақ сүйемелдеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушыларға авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар және басқа да педагогикалық материалдарды әзірлеу барысында қойылатын талаптар бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, материалдарды сараптамаға ұсыну, тіркеу және қарау рәсімдері бойынша нақты ақпараттар ұсынылды.
Кеңес барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тәжірибелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және сапалы авторлық өнімдерді әзірлеуге бағытталған ұсыныстар айтылды.