Аудандық шебер сынып – кәсіби дамуға бағытталған маңызды қадам
27 ақпан күні Ханарық жалпы білім беретін мектебі базасында №3 П.Тәжібаева атындағы мектеп ұйымдастыруымен «Химия-биология пәндерін оқытудағы функционалдық сауаттылық пен креативті ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар & Табиғат пен технология тоғысқанда: биология және химия мамандықтары» тақырыбында аудандық шебер сынып өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың химия және биология пәндері бойынша теориялық білімін өмірлік жағдаяттарда қолдану қабілетін қалыптастыру, функционалдық сауаттылық пен креативті ойлау дағдыларын дамыту, зертханалық жұмыстар арқылы зерттеушілік, талдау, салыстыру және қорытынды жасау біліктерін жетілдіру, сондай-ақ кәсіби бағдар беру жұмыстарын үйлестіруге әдістемелік көмек көрсету.
Қырыққа жуық педагог қатысқан шебер сынып аясында ашық десант сабақтар ұйымдастырылып, тәжірибелі педагог-зерттеушілер мазмұнды шеберлік сабақтарын өткізді. Қатысушылар өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, авторлық бағдарламалар негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таныстырды.
Аталған шебер сынып мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуға және білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды әдістемелік алаң болды.