Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «El Umiti» қорының ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы бесінші жыл қатарынан өткізілуде.
Олимпиада – ауылдағы дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсетуге бағытталған маңызды жоба. Қатысу – тегін.
Төлеби ауданынан 488 оқушы І кезеңге қатысуда.
І кезең: 6–10 сәуір аралығында онлайн форматта өтеді.
Сайт: 1000bala.elumiti.kz
ІІ кезең: 28–30 сәуір.
Пәндер: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану.
40 сұрақ, 90 минут.
Үздік оқушылар «Дарын», БИЛ және РФММ сияқты мамандандырылған мектептерде оқу мүмкіндігіне ие болады.