«АЯЗ САЛҒАН СУРЕТТЕР» СУРЕТШІЛЕР САЙЫСЫ ӨТТІ
Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты «Ақбастау» жалпы білім беретін мектебінде «Жасампаздық және жаңашылдық» айлығы аясында ерекше шығармашылық шара ұйымдастырылды.
05.02.2026 жылы өткен бұл шараның мақсаты — оқушылардың көркемдік қиялын ұштап, қыс мезгілінің сұлулығын бейнелеуге баулу. Сайыс қосымша білім беру педагогі Қонысбай Нұрсұлтан мен «Көркемсурет» үйірме жетекшісі Есенбекова Данагүлдің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.
Сайыс барысында жас таланттар «Аяз салған суреттер» тақырыбында өздерінің ерекше туындыларын ұсынып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Әрбір жұмыстан қысқы табиғаттың тылсым бейнесі мен оқушылардың өзіндік көзқарасы байқалды.
Сайыс соңында мектеп директоры Б.Алимкулов сөз сөйлеп,жас суретшілерге өзінің ізгі тілектерін білдіріп,жеңімпаздарды марапаттады.
Болашақ суретшілерімізге шабыт пен сәттілік тілейміз!