Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» 2025 жылғы 5 тамыздағы №174 бұйрығына сәйкес, бүгін жалпы орта білім беру ұйымдарының 11-сынып білім алушылары үшін «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан өткізілуде.
Ауызша емтихан барысында түлектердің оқу бағдарламасы бойынша алған білімдері, тарихи оқиғалар мен үдерістерді талдау қабілеті, өз ойын жүйелі әрі дәлелді жеткізу дағдылары бағалануда.
Қорытынды аттестаттау жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, емтиханның ашық әрі әділ өтуі қамтамасыз етілуде. Білім беру ұйымдары тарапынан емтихан өткізу тәртібінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізілуде.
Түлектер үшін маңызды сынақ кезеңдерінің бірі саналатын бұл емтихан олардың мектеп қабырғасында алған білімдерінің нәтижесін көрсететін жауапты қадам болып табылады.
Барлық түлектерге сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!
Төлеби ауданының білім бөлімі