Бүгін – 14 ақпан, Халықаралық кітап сыйлау күні – жүректен шыққан сыйдың ең бағалысы кітап екенін тағы бір еске салатын ерекше күн.
Осы айтулы мерекеде Төлеби ауданының білім беру ұйымдарындағы мектеп кітапханаларында «Кітап сыйла - болашаққа жол аш» тақырыбында акция ұйымдастырылып мектептердің кітапхана қорлары 1432 дана көркем әдебиеттермен толықтырылды. Аталмыш тақырыпта аудан мектептері арасында челлендж ұйымдастырылып Сайрам ауданына жолданды.
Мектеп кітапханашылары №10 жалпы білім беретін мектеп кітапханасына акция аясында мектеп оқушыларына арналған көркем әдебиеттерді тарту етті. Бүгін сыйға тартылған әрбір кітап осы білім ордасының рухани қазынасын молайтып, шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттырсын. Әр беті – жаңа мүмкіндікке, әр жолы – үлкен арманға бастасын.
Қымбатты оқушылар! Кітапты сүйіңіздер, оны қадірлеңіздер. Себебі кітап – сіздердің келешекке бастар сенімді жолдастарыңыз.
Кітаптың нұры әрдайым жолдарыңызды жарық етсін.