Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» 2025 жылғы 5 тамыздағы №174 бұйрығына сәйкес, бүгін 5, 6, 7, 8 және 10-сынып білім алушылары үшін «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау мақсатында жазбаша нысанда емтихан өткізілуде.
Аталған емтихандар Төлеби ауданына қарасты барлық білім беру ұйымдарында белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, білім алушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған.
Емтихан жұмыстарының ашық әрі әділ өтуі білім беру ұйымдары тарапынан бақылауға алынған.
Төлеби ауданының білім бөлімі