Бүгін Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы жұмыс сапарымен Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекенінде бой көтеріп жатқан 150 орындық жаңа жалпы орта мектептің құрылыс алаңына барды.
Жұмыс барысында білім бөлімінің басшысы құрылыс нысанының қазіргі жағдайымен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударды.
🪜Сонымен қатар мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының жоспарға сәйкес орындалуы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және нысанды уақытылы пайдалануға беру мәселелері талқыланды.
Аталған білім беру нысанының құрылысы – аудан тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.
Жаңа мектептің пайдалануға берілуі оқушыларға заманауи талаптарға сай білім алуына мүмкіндік беріп, білім сапасын арттыруға оң ықпал ететін болады.