1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында «Бақытты бала – бақытты болашақ» тақырыбында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұл күн – балалардың шат күлкісі мен қуанышына толы ерекше мереке. Балалар – еліміздің жарқын болашағы, әр отбасының бақыты мен қуанышы. Әрбір бүлдіршін мейірім мен қамқорлыққа, сапалы білім мен саналы тәрбиеге лайық. Сондықтан олардың бақытты балалық шағын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Мерекелік шаралар барысында балалар ән айтып, би билеп, қызықты ойындар мен сайыстарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қымбатты бүлдіршіндер! Сіздерге зор денсаулық, жарқын күлкі, шаттық пен қуаныш тілейміз. Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз баянды болсын!
Төлеби ауданының білім бөлімі