Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

БАЛА – ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ОРТАҚ АМАНАТЫ.
Ә. Молдағұлова атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде
«Мектеп пен ата-ана: бір мақсат, бір бағыт» тақырыбында ата-аналармен  ақылдасу сағаты өтті. Ақылдасу сағатына әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары, қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ауыл ақсақалы Абдыхаликов Абсаттар ата, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Жакеева Райхан Аманжолқызы және білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Аяшова Мейраш Абдықалыққызы қатысты.
Ақылдасу сағатына қатысушы ата-аналарға ақпараттық жадынамалар таратты. 
Күн тәртібі бойынша:
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі  орынбасары  Қадырбай Самат Төреахметұлы атқарылған тәрбие жұмыстарына есеп беріп, құқықбұзушылық бойынша талдау жасады.
-  Педагог-ұйымдастырушысы Әшім Сағи Фаритұлы «Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс» тақырыбында баяндама оқыды.
- Мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Жакеева Райхан Аманжолқызы ата-аналарға оқушылардың сабақ үлгеріміне жауапкершілікпен қарауға, қадағалауды күшейтуге үндеу жасады.
-  Төлеби аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Аяшова Мейраш Абдықалыққызы ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерге тоқталды.
- Камқоршылық кеңесінің төрағасы, ауыл ақсақалы Абдыхаликов Абсаттар ата ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде құнды кеңестер беріп, әсіресе балалардың телефонды шамадан тыс қолданбауы керектігін атап өтті.
Жиналыс соңында мектеп директоры Жолшыбек Бекқали Нурсейтұлы қорытынды сөз сөйлеп, ата-аналарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, ақылдасу сағатын аяқтады.
  Алдағы уақытта да мектеп-ата-ана-бала үштағаны бір мақсатта, бір бағытта жұмыс жасайды деген сенімдеміз, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!