Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігінің салтанатты ашылуы.  23-сәуір – Ұлттық кітап күніне орай  «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты №10 ЖББМ базасында « Кітап- білімнің қайнар көзі, сөнбес шырағы» тақырыбында  мазмұнды да мағыналы өтті.
Іс-шара барысында аудан мектептерінің кітапханашылары  бас қосып, тәжірибе алмасып, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған мазмұнды бағдарламаның куәсі болды.
Кітапханашыларды тіркеумен басталған шара «Оқу сізден – сыйлық бізден» интеллектуалды ойынымен жалғасын тапты.

 Салтанатты ашылу концерттік бағдарламамен әрленіп, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Негізгі бөлімде бірнеше шебер сыныптар ұйымдастырылды:
– «XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» тақырыбында танымдық сабақ;
– «Картадағы ақын-жазушылар ізі» атты пәнаралық жұмыс  кітапхана мен география және  қазақ әдебиет пәндерімен кіріктірілген сабақ;
– Марат Қабанбайдың «Бауыр әңгімесі» шығармасы бойынша талдау;
– «Кітап оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді тәсілдер» бойынша тәжірибелік бөліс.
Сонымен қатар, Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» шығармасы негізінде қойылған театрлық қойылым көрермен көңілінен шықты.
 Шара соңында қорытынды жасалып, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Балалар әдебиеті арқылы жас буынның ой-өрісі кеңейіп, рухани дүниесі байиды. Шара барысында кітаптың құндылығы насихатталып, оқуға деген қызығушылықты арттыру бағытында пікір алмасулар жүргізілді.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге құштарлығын нығайта берсін!