БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан облысы білім басқармасының 31.12.2025 жылғы №25/8445 хатына сәйкес Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогикалық қызметкерлерге, педагог-психологтарға және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми деректеріне сәйкес, Түркістан облысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқықбұзушылықтар саны 2025 жылға 11 айдың қорытындысы бойынша 16,7 % артқанын, білім беру ұйымдары тарапынан балаларға қатысты құқық бұзушылық фактілерін жасырып, олар туралы уәкілетті органдарға хабарламау жағдайлары орын алғанын, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлері ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 127-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын ескерте отырып, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүйелі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.