БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы мектеп директорын қабылдап, білім беру ұйымының жұмыс барысымен танысты.
Кездесу барысында білім сапасы, оқушыларды ыстық тамақпен қамту, бейнебақылау камераларының жұмысы, педагогтердің сапалық құрамы, материалдық-техникалық база және оқушылардың әлеуметтік жағдайы талқыланды.
Қорытындысында нақты тапсырмалар беріліп, тиісті жұмыстарды жүйелі жалғастыру міндеттелді.