Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы мектеп директорларының атқарған жұмыстары бойынша есептерін тыңдап, білім беру ұйымдарының қызметімен жан-жақты танысты.
Кездесу барысында оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық базаның жай-күйі, педагогтердің кәсіби әлеуеті және білім алушылардың әлеуметтік жағдайы кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, білім сапасын арттыруға бағытталған алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары қаралып, басым бағыттар айқындалды. 
Білім көрсеткіштерін көтеру, оқу жетістіктерін жақсарту, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жоспарланған іс-шараларды сапалы әрі нәтижелі іске асыру міндеттелді.