Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы мектеп директорларын жеке қабылдап, білім беру ұйымдарының өзекті мәселелерін талқылады.
Қабылдау барысында мектеп ғимараттарының ағымдағы жөндеу жұмыстары, интернет жылдамдығы мен сапасы, білім сапасының көрсеткіштері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар үйде оқитын оқушылардың жағдайы, педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі және штаттық кесте, әлеуметтік санаттағы білім алушыларға көрсетілетін қолдау мәселелері талқыланды.
Оқушыларды ыстық тамақпен қамту, тамақтану кезеңінің ұйымдастырылуы және жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру жұмыстары бойынша да нақты тапсырмалар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын жүйелі ұйымдастыру және көрсеткіштерді жақсарту бағытында тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.