Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің» 139-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығына сәйкес, конкурстық негізде тестілеу мен әңгімелесуден сәтті өткен үміткерлер Төлеби ауданы білім бөлімінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына тағайындалды:

Сүлейменов Бауыржан Жұмаділұлы – «Момынай» жалпы білім беретін мектебінің директоры

Амангелдиев Жандос Амангелдиевич – №8 жалпы білім беретін мектебінің директоры

Кадиров Жамол Османалиевич – «Тағайна» жалпы білім беретін мектебінің директоры

Мадьярова Мадина Исабековна – «Әңгірата» жалпы білім беретін мектебінің директоры

Садырбаев Нұржан Мұратович – Абай атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің директоры

Жаңа басшыларды білім беру ұйымдарының ұжымдарына Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы таныстырып, ауданның білім жүйесін дамыту, білім сапасын арттыру, мектептердің тиімді қызметін қамтамасыз ету және нәтижеге бағытталған басқару міндеттеріне тоқталды.

Жаңадан тағайындалған басшылар білім беру саласына жаңа серпін беріп, тың бастамалар мен нәтижелі жұмыстардың жүзеге асуына үлес қосады деп сенеміз.

Жаңа қызметтеріңізге сәттілік, шығармашылық табыс және биік белестер тілейміз!

Төлеби ауданының білім бөлімі