Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ. 
Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 11 сынып оқушыларына  Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конститутцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 
Сынып сағатында оқушыларға Қазақстан Республикасында қабылданған  жаңа Конституция мемлекеттің негізгі заңы ретінде әрбір азаматтың өмірінде ерекше маңызға ие екендігі айтылып,  жаңа Конституциядағы өзгерістердің мәнін түсіндіріп, жаңа Конституцияның негізгі баптарына қысқаша тоқталды.