Білім мен белсенділік тоғысқан жеңіс!
Төлеби ауданының намысын қорғаған №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Түркістан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумның облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Білім мен бәсекені ұштастырған додада оқушыларымыз өздерінің терең білімін, жоғары дайындықтарын және белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете білді. Нәтижесінде аудан абыройын асқақтатып, жүлделі орыннан көрінді.
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
Төлеби ауданының білім саласындағы жетістіктері арта берсін! Мектеп ұжымына алғыс айтамыз!