«Бірлесе зерттеген тәжірибе ғана сапалы нәтижеге жеткізеді».
Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Lesson study: тиімді тәжірибеден табыс нәтижелеріне дейін» тақырыбында мұғалім тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге бағытталған сабақты зерттеу педагогикалық тәсілін жүзеге асыру бойынша кезекті тәжірибе алмасу семинары Т.Назарбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде өтті.
Семинар барысында аталған мектептің мұғалімдері Қазақстан тарихы пәні мен бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен сабақ өтіп, бақылау және нәтижелерін талдау бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді ортаға салды.
Семинарға қатысқан №4, №2, №7, Жаңаұйым, Бірінші мамыр, Қайнар жалпы білім беретін мектептерінің пән мұғалімдері мен осы зерттеуге жауапты директордың орынбасарлары бірлескен зерттеу, рефлексия және кәсіби қолдау арқылы оқыту сапасын арттырудың нақты жолдарын талқылап, әдіс алмасты.
Іс-шара кәсіби диалогқа, өзара тәжірибе алмасуға және педагогтердің үздіксіз дамуына мүмкіндік берді. Тәжірибе бөлісу, өзара үйрену және үздік идеялар - табысты нәтиженің басты кепілі екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Осындай кәсіби алаңдар педагогтердің шабытын арттырып, сапалы білімге бастайтын жаңа қадамдарға жол ашады.