Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы Төлеби ауданы №5 мектеп-гимназия – татулық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп отырған іргелі білім ордасы.
Бүгінде бұл мектепте 20-дан астам ұлт өкілінің балалары білім алып, түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысқан ортада тәрбиеленуде.
Оқушылар қатарында қазақ, орыс, өзбек, түрік, әзербайжан, татар, кәріс, шешен, украин, қырғыз, неміс, күрд, беларусь, ұйғыр, тәжік, грузин, башқұрт, грек, иран және өзге де ұлт өкілдері бар.
Сонымен қатар мектеп ұжымында 11 ұлттың мұғалімі еңбек етуде. Оларды біріктіретін басты құндылық – сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Ұстаздардың кәсібилігі, өзара сыйластығы мен ортақ мақсатқа ұмтылысы – білім ордасының тұрақты дамуының кепілі.
Мектеп қабырғасындағы ынтымақ пен түсіністік атмосферасы оқушыларға рухани тәрбие беріп қана қоймай, болашақта бірлік пен келісімді ту еткен азамат болып қалыптасуына ықпал етуде.
Бірлік бар жерде – тірлік бар!