Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты №10 жалпы білім беретін мектепте «Бірлігіміз жарасқан – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, салтанатты әрі көтеріңкі көңіл-күйде жалғасын тапты. Жүргізушілердің жүрекке жетер жылы сөздері мен әсерлі жыр жолдары көрермендерді бірлік пен татулықтың қадірін терең сезінуге жетеледі. Көпұлтты еліміздің достығы мен ынтымағын дәріптеген бейнеролик қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Оқушылардың орындауындағы әндер, көркемсөздер мен сахналық қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әр сынып өз өнері арқылы ұлттар достығын, ортақ Отанға деген сүйіспеншілікті кеңінен насихаттады. Викториналық ойындар барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын танытып, түрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы танымдарын толықтырды.

Сонымен қатар, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, әр сынып өзге ұлттардың ас мәзірін таныстыра отырып, олардың мәдениеті мен қонақжайлылығын паш етті.

Іс-шара соңында айтылған ізгі тілектер мен көтеріңкі көңіл-күй көптің жүрегінде жылы әсер қалдырды. Бұл кеш – бірлік пен татулықтың, достық пен сыйластықтың жарқын үлгісіне айналды.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың бойында елжандылықты, бірлікке деген құрметті және өзара түсіністікті қалыптастыратыны сөзсіз.