Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты “Әңгірата жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Бірлік болмай, тірлік болмас» тақырыбында мұғалімдер арасында мәдени-танымдық іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әртүрлі ұлт мәдениеттерін таныстыру арқылы ұжым арасындағы өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту, көпұлтты қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңыздылығын дәріптеу.
Шараға жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдер, бастауыш сынып ұстаздары және штат қызметкерлерінен құралған 4 топ қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар өзбек, орыс, үнді және корей халықтарының мәдениетін таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара 4 кезеңнен тұрды:
«Біз – бірлікте күштіміз» – таныстыру
«Ата салтым – асыл қазынам» – салт-дәстүр
«Дастархан – бірлік белгісі» – ұлттық тағамдар
«Бірлік бар жерде – жеңіс бар» – командалық тапсырмалар
Қорытынды нәтижелер:
Бас жүлде – бастауыш бірлестігі
І орын – жаратылыстану-математикалық бағыт
ІІ орын – қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі
ІІІ орын – штат қызметкерлері
Сонымен қатар, ерекше көзге түскен педагогтер арнайы номинациялармен марапатталды.