Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Әбіш оқулары» байқауы өтті
Бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 6 наурыз күні аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» аудандық байқауы өткізілді.Байқаудың негізгі мақсаты – көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың сөз мәдениетін дамыту, жазушының бай рухани мұрасы арқылы жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымын қалыптастыру.
Аталған байқауға білім беру ұйымдарының оқушылары белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Байқау ережесіне сәйкес бес бағыт бойынша ұйымдастырылған сайыста оқушылар жазушының әдеби мұрасын терең меңгергендерін дәлелдей білді.Дарынды оқушыларымыз алдағы облыстық кезеңде де жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындармен оралады деген сенімдеміз.Қатысушыларға сәттілік тілейміз!