Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Құрметті ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер жол көлік оқиғасын алдын алу мақсатында оқушылардың көліктерді жалдап шеруге (гулянка) шығуына тыйым салынған, осы орайда әкімшілік кодексіне жаңадан енгізілген баптармен таныс болыңыздар.
593-бап 1-2-бөлігі жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сол сияқты олардың көлік құралы жүріп келе жатқанда оның терезелері мен люктерінен денесін шығаруына, есікті ашуына жол беру – жүргізушілерге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
615-бап 5-бөлігі Көлік құралы жүріп келе жатқанда жолаушының көлік кабинасының (салонының) сыртында болуы (терезелері мен люктерінен денесін шығаруы) –он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Балдарыңыздың өмірі мен денсаулығы сіздердің қолдарыңызда екенін естеріңізге саламыз.
Түркістан облысы Полиция департаменті