Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Болашақ мемлекеттік қызметші» жобасы аясында – “Мемлекеттік қызмет – ел болашағына қызмет” тақырыбында "Ашық есік күні" өтті

Түркістан облысы білім басқармасы хатына және Мемлекет басшысының №602 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында «Болашақ мемлекеттік қызметші» жобасы аясында «Мемлекеттік қызмет – ел болашағына қызмет» тақырыбында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.

Іс-шара аудандық, аймақтық және ауылдық мемлекеттік органдардың ғимараттарында өтіп, оқушылар мемлекеттік қызметкерлермен тікелей кездесу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, елге адал қызмет ету, заң мен тәртіпті сақтау қағидаттары насихатталды.

Аталған шара жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталды.

Мұндай мазмұнды іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.