Төлеби ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 19 мамыр күні №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Тағылым алаңы» жобасы аясында аудан прокуратурасының прокуроры Бексұлтан Маратұлымен «Болашақ прокурорлар» жобасына қатысушы оқушылар арасында тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар прокуратура саласының қызметі, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы мағлұмат алып, құқық қорғау саласындағы мамандық ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, прокурор мамандығына қойылатын талаптар, кәсіби жауапкершілік пен адалдық қағидаттары жөнінде кеңінен айтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Танымдық кездесу жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді.