«Дарынды балаға – талантты ұстаз» – білім мен шеберліктің тоғысқан алаңы!
Дарынды шәкірт – ұстаз еңбегінің жемісі. Осындай білікті педагогтерді қолдау және олардың үздік тәжірибесін насихаттау мақсатында аудандық «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі тиімді тәжірибелерді анықтау, шығармашыл ұстаздарды қолдау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру сапасын жетілдіруге үлес қосу.
Қатысушылар кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, жаңашыл идеяларымен бөлісті. Нәтижесінде үздіктер анықталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, облыстық кезеңде жүлдемен оралуға сәттілік тілейміз!