Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Дарынды оқушы – ел болашағы
№1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Асанбай Дәурен – білімге құштар, ізденімпаз, жауапкершілігі жоғары шәкірттердің бірі. Ол оқу барысында өзін тек үлгілі оқушы ретінде ғана емес, сонымен қатар пәндік олимпиадаларда тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп жүрген дарынды тұлға ретінде таныта білді.
Асанбай Дәуреннің жетістіктері оның табандылығы мен мақсаткерлігінің айқын дәлелі. Әсіресе, «Құқық негіздері» пәні бойынша қол жеткізген нәтижелері ерекше назар аудартады. 9-сыныпта аудандық пән олимпиадасында жүлделі I орынды иеленіп, облыстық кезеңде II орынға қол жеткізді.
Бұл жетістігін 10-сыныпта да жалғастырып, аудандық кезеңде I орын, облыстық кезеңде тағы да II орын иеленді. 
Ал 2026 жылы өткен республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңінде III орын алып, өзінің білім деңгейінің жоғары екенін республика көлемінде дәлелдеді.
Оқушының мұндай жетістіктері – жүйелі дайындықтың, терең теориялық білімнің және практикалық дағдылардың қалыптасуының нәтижесі. Сонымен қатар, бұл – жетекшісі, тарих пәні мұғалімі  Акимжанова Ляйла Болатовнаның сапалы білім беруі, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануы және оқушы қабілетін дамытуға бағытталған мақсатты еңбегінің жемісі.
Асанбай Дәурен аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі білім сайыстарында білім беру ұйымының абыройын асқақтатып, дарынды жастардың алдыңғы қатарынан көрініп келеді. Оның жетістіктері – жас ұрпаққа үлгі, ал болашағы – ел үміті.