Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Әдепті қыз – әулеттің көркі» атты ақпараттық-түсіндірме іс-шарасы өтті
2026 жылғы 18 ақпанда Төлеби ауданы Көксәйек мәдениет үйінде қыз балалар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Әдепті қыз – әулеттің көркі» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара Төлеби ауданының білім бөлімі мен Төлеби аудандық Қазақстан Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі бірлескен жоспарына сәйкес өткізілді.
Мақсаты – қыз балалардың бойына ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сіңіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру және ерте жүктіліктің алдын алу.
Кездесуге аудандық Аналар кеңесінің төрайымы А. Рахишова, білім бөлімінің әдіскері Аяшова Мейраш Абдықалыққызы, аудандық аурухананың гинеколог дәрігері Байыспаева А.Х. қатысып, мазмұнды пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Тақырып аясында тәрбиелік мәні зор мәселелер талқыланып, пайдалы кеңестер берілді.
Іс-шараны ұйымдастырған мектеп әкімшілігі мен мәдениет үйі ұжымына алғыс білдіреміз. Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың рухани дамуына және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге оң ықпал етеді деп сенеміз.