Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Төлеби ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Төлеби ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жыланбұзған жалпы білім беретін мектебінде ерекше мазмұндағы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өткізілді. Мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымы бірігіп, «Digital Family DAY» атты акцияға қатысып, балалардың қауіпсіздігі мен саналы тәрбиесіне бағытталған маңызды мәселелерді талқылады.
Акция барысында ата-аналарға цифрлық ортадағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндіріліп, арнайы ата-ана бақылауы құралдары таныстырылды. Смартфондар мен компьютерлерде қолдануға болатын бағдарламалар, интернеттегі зиянды контенттен қорғау тәсілдері, уақытты тиімді басқару мүмкіндіктері туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, балалардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін қадағалау, олардың жеке деректерін қорғау және кибербуллингтің алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.
Мектеп психологтары мен информатика пәні мұғалімдері ата-аналарға практикалық ұсыныстар жасап, отбасы ішінде цифрлық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтті. Балалардың бос уақытын пайдалы өткізу, оқу мен ойын арасындағы тепе-теңдікті сақтау, интернетті білім алудың тиімді құралы ретінде пайдалану жолдары талқыланды.
Бұл акцияның басты мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, цифрлық дәуірде қауіпсіз әрі жауапты отбасы құндылықтарын дәріптеу. «Digital Family DAY» аясында өткізілген іс-шара мектеп оқушылары мен ата-аналарына үлкен әсер қалдырып, олардың саналы әрі қауіпсіз цифрлық өмірге қадам басуына жол ашты.